Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер 50 жастағы ер азаматқа алғаш рет жеке куәлік ресімдеді

Рудныйда 50 жастағы ер адам алғаш рет жеке куәлігін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының тумасы 50 жылдан кейін алғаш рет жеке басын куәландыратын құжат алды. Пробация қызметі мен Рудный қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметінің қызметкерлері сотталған адамның құжаттарын ресімдеуге көмектесті.

1970 жылы туған ер адамның айтуынша, өмірлік қиын жағдайлар оған ең маңызды құжатты алуға мүмкіндік бермеген.

Алдағы уақытта ол әлеуметтік және медициналық қызметтерге қол жеткізе алады, себебі көптен күткен куәлігі қолына тиді.

– Тұрғылықты жері бойынша құжаттандыру және тіркеу жұмыстары толық көлемде жүргізілді, нәтижесінде сотталған азамат көптен күткен жеке куәлігін алды, — деді қалалық пробация қызметінің бөлім бастығы Азамат Бекішев.

Ол пробация қызметі мен көші-қон полициясы қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, енді жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Қазіргі таңда  пробация қызметкерлері жұмыспен қамту орталығымен бірге оны жұмысқа орналастыру мәселесін қарастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру