Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құқық қорғаушылар қылмыстық-атқару заңнамасына жаңа түзетулерді талқылады

Құқық қорғаушылар қылмыстық-атқару заңнамасына жаңа түзетулерді талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Қылмыстық-процестік кодекстеріне қарауға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ҚАЖ комитеті және Қазақстанның құқық қорғау ұйымдары жария тыңдаулар барысында қарады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ҚАЖ комитетінде адам құқықтары, қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және қатыгез қарым-қатынастың алдын алу саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты реттеу саясатының консультативтік құжаты бойынша жария тыңдау өтті. Тыңдауға адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ), қоғамдық бақылау комиссиясының (ҚБК), үкіметтік емес ұйымдардың, ІІО қоғамдық кеңесінің, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Консультативтік құжат ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 11 маусымдағы қаулысымен бекітілген Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарының 9.1-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Осы құжат аясында:
– сотталған ауыр сырқаттанған жағдайда жазаны өтеуді кейінге қалдыруға мүмкіндік беру;
– ауыр сырқатқа байланысты босату немесе жазаның жеңіл түріне ауыстыру туралы сот қаулысын тез арада орындау;
– бала үш жасқа толғаннан кейін анасы мерзімінің соңында босатылған немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, жазасының өтелмеген бөлігі жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылған жағдайда, оның бір жыл бойы анасымен болу мерзімін ұзарту;
– жауап алудың, сондай-ақ сот отырысының бейнежазбасын қамтамасыз ету;
– “азаптау” анықтамасын нақтылау, сонымен қатар “қатыгездік” анықтамасын енгізу (балалар және мүгедектігі бар тұлғалардың әлеуметтік мекемелері);
– төтенше қауіпсіздік мекемелерін тарату арқылы бұрын сотталған адамдарды бірінші рет сотталғандардан бөлек ұстауды қамтамасыз ету бөлігінде заңнамалық түзетулер пысықталуда.

Ұсынылып отырған нормалар сотталғандардың денсаулығын сақтау құқығын қамтамасыз етуді көздейді, егер олардың соттау сатысында ауыр сырқаттары болса, олар жазаны орындауды кейінге қалдыра алады. Бас бостандығынан айырылған балалары бар әйелдердің әлеуметтік байланыстарын сақтау. Сотталған әйелдер бір жыл ішінде босатылған жағдайда, олардың жас балалары пенитенциарлық балалар үйінде және олар 3 жасқа толғаннан кейін ұсталуға құқылы болады.

Бұдан басқа, тәрбие процесін толыққанды ұйымдастыру және балаларды дамыту үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жағдайлар жасалатын болады.

Ұлттық заңнаманы БҰҰ Азаптауларға қарсы конвенциясына сәйкес келтіру, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Азаптауларға қарсы комитетіндегі үшінші мерзімдік баяндаманы қорғау нәтижелері бойынша берілген халықаралық міндеттемелер мен ұсынымдарды іске асыру.

Консультативтік құжатпен жұмыс істеу кезінде халықаралық тәжірибе зерделенді, қоғам өкілдері мен ғылыми қайраткерлердің (оның ішінде Заңнама және құқықтық ақпарат институтының) және мемлекеттік органдардың ұсыныстары мен ұсынымдары назарға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру