Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құрылыс заттарын қолды қылған шымкенттік анықталды

Құрылыс заттарын қолды қылған шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 17 шілдесінде Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам үйінің қақпа сыртында жиналып тұрған темір құрылыс материалдарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген шығын мөлшері – 300 000 теңге.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру