Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қырғызстан азаматы мемлекеттік шекараны “қара жолдармен” кесіп өткен

Қырғызстанның 30 жастағы азаматы мемлекеттік шекараны “қара жолдармен” кесіп өткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Медеу ауданының полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны “Мигрант” ЖАІШ жүргізу барысында ұстады.

– Мәселен, 30 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы туралы болып отыр, оны ұстау кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Арнайы шекаралық база арқылы тексеру барысында аталған адамның шекарадан өтпегені анықталды, оның біздің еліміздің аумағына келгені туралы деректер жоқ. Шетелдіктің өткен жылдың қараша айында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені белгілі болды. Белгісіз ер адам одан “гид” қызметі үшін 500 доллар алып, посттарды айналып өтуге көмектескен. Ұсталған азамат жолдың ұзақ болғанын, егістік пен орманды аралап өткенін де айтты, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Шетелдіктің әрекеті ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша сараланады.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар Алматы қалалық ПД, ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру