Қызмет пен отбасы үндескен шаңырақ
Отбасы – сыйластық пен қолдаудың, махаббат пен бірліктің алтын ұясы. Осындай өнегелі жанұялардың бірі – Арқабаевтар отбасы, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Баубек Арқабаев Алға аудандық патрульдік полиция тобы қызметінің аға инспекторы ретінде қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында абыройлы қызмет атқарып келеді. Ал жары Мария Арқабаева – адам өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын білікті медицина маманы.
Қос мамандық иесін ортақ құндылықтар, өзара түсіністік, сыйластық пен отбасыға деген құрмет біріктіреді. Қызметтегі жауапкершілік пен жанұядағы жылулықты қатар алып жүрген олар – көпке үлгі боларлық отбасы.
Осындай берекелі шаңырақтар – қоғамның берік тірегі, елдің еңсесін көтеретін асыл құндылық.
