Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есептегі сотталған балық аулау жарысына қатысып, жүлделі орын алды

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азамат балық аулау жарысына қатысып, жүлделі екінші орынды жеңіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арал аудандық Жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен Аманөткел елді мекеніндегі Арал теңізінің жағасында балық аулаудан жарыс өтті. Жарысқа аудан жастарымен бірге пробация есебіндегі сотталған азаматтар да қатысты.

Жарыс шарты бойынша межелі уақыт ішінде кім көп балық ауласа, сол азаматтар жарыс жеңімпазы атанды.

– Мен үшін балық аулау күнделікті күйбең тірліктен шаршағаныңды басатын, таза ауада, тұнық судың бойында жүйкең демалатын спорт түрі. Қолым қалт етсе, қармағымды алып, балық аулауға барамын. Балыққа қажетті құрал-жабдықтардың барлығы менде бар. Әр демалыста отбасымды алып, балыққа шығуды әдетке айналдырдым. Балаларыма да балық аулаудың қыр-сырын үйретіп, осы кәсіпке баулып жүрмін. Бүгінгі жарыста қармағыма балық ілініп, қанжығам майланып, олжалы болдым. Балықшылар арасынан жүлделі 2-орынды жеңіп алып, дипломпен, сыйлықпен марапатталдым, – деді есептегі азамат.

Осылайша аудан жастары мен есептегі азаматтар арасында салауатты өмір салты насихатталып, ерекше спорттық жарысты ұйымдастырған аудандық жастар ресустық орталығына пробациялық бақылаудағы азаматтар шексіз ризалығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру