Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қызылорда облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

”Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Қызылорда қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азиз Шагиров №295 “Келешек” орта мектебінде болып, интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында оқушылар және мұғалімдермен кездесу өткізді. Кездесу барысында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы жадынамалар таратылды.

Шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында алаяқтықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және интернет кеңістігінде жасалатын қылмыстардан сақтандыру.

Қазіргі таңда интернет-алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады. Ең жиі кездесетін түрлері:
– әлеуметтік желілерде жалған хабарландырулар тарату;
– интернет арқылы тауар сату немесе қызмет көрсету кезінде алдау;
– инвестиция арқылы оңай пайда табуға үгіттеу;
– мессенджерлер арқылы күмәнді сілтемелер жіберу.

Сонымен қатар алаяқтар өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалу арқылы олардың жеке деректерін иемденіп, онлайн-несие рәсімдеу жағдайлары да жиі тіркелуде.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері интернет кеңістігіндегі алаяқтыққа қарсы күресті күшейтіп, халықты сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру