Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында “Киік” ЖПІШ аясында 127 құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысында “Киік” жедел-профилактикалық іс-шарасының 25 күнінде 127 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 01-31 желтоқсан аралығында “Киік” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіліп жатыр.

25 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 127 дерегі тіркелді. Оның ішінде 14 қылмыстық және 113 әкімшілік құқық бұзушылықтар. 

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 382-бабымен 1- бөлігімен (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) 101 құқық бұзушылық анықталды. 

Қазіргі таңда 3 дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 1-бөлігімен (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру