Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтік жұмыстар барысында полиция қызметкерлері Қызылорда облысы қала көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған BMW көлігі тоқтатты. Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші бұрын сот шешімімен 2022 жылдың ақпан айында жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғандығы белгілі болды.

30 жастағы жүргізушінің автокөлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру