Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының екі тұрғынынан қару табылды

Түркістан облысының екі тұрғынынан қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен мереке күндері заңсыз қару сақтаудың екі дерегін анықтады.

Мәселен, жедел уәкілдер келіп түскен ақпарат көздері арқылы өзімен қару алып жүруі мүмкін тұрғынды анықтауда қажетті тексеру шараларын жүргізді. Нәтижесінде бір тәулік ішінде сезікті тұрғынның жеке басын анықтап, Түркістан қаласы көшелерінің бірінен ұстады. Күдікке ілінген кентаулық жігіттің басқаруындағы автокөлікке тінту жүргізу барысында 16 калибрлі ИЖ-К шолақ мылтық табылды.

Сонымен қатар кезекті заңсыз қару сақтау дерегі Сауран ауданында тіркелді. Яғни, саурандық сезіктінің үйіне тінту жүргізген полицейлер 1 ұңғылы 28 калибрлі қаруды тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Бүгінде екі қаруға қатысты сараптама тағайындалды. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтайды.

Аталған екі жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Қазіргі таңда күдіктінің біреуі қамауда, ал екіншісі қолхатта. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру