Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

ІІМ-де Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жаңа тағайындау барысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының еліміздегі есірткі жағдайын жақсартуға қатысты, әсіресе жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуына мықты тосқауыл қою жөнінде нақты тапсырмалар бергенін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында бүгінде ІІМ-де Есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы күрес бойынша 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленуде.

Ведомство басшысы атап өткендей, бұл жоспардың маңызды бағыттарының бірі – есірткі және нашақорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Осы орайда ол министрліктің басшылық құрамына Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің жаңа орынбасарын таныстарды.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары қызметіне Бақытжан Әмірханов тағайындалды.
Министр жаңа басшының жұмыс тәжірибесін, оның белсенділігі мен сауаттылығын атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Ол құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. Әкімшілік, арнайы полиция қызметтерінде басшылық лауазымдарды атқарды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінде 12 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Соңғыда атқарған лауазымы – осы қызметтің басқарма бастығы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру