Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробациялық бақылау тәртібін бұзған сотталған азаматтар қамауға алынды

Сот жүктеген міндеттерді орындамаған, пробациялық бақылаудағы 4 сотталған азамат сот залынан қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД Шиелі аудандық пробация қызметінің инспекторлары сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың, олардың қайта қылмыс жасауының алдын алу  мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Жыл басынан бері аудандық пробация қызметінің қызметкерлері ескертулерден қорытынды шығармаған, сот жүктеген міндеттерді орындамай жүрген, 13 есепте тұрған сотталған азаматтың бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жолдады.

Сот қаулысымен 9 сотталған азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне  өтеуге жіберілді.

Ал төрт сотталған азамат пробациялық бақылау мерзімі ішінде ескертулерге қарамастан  тіркелуге келмей, әкімшілік құқық бұзушылық жасап, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін сот қаулысымен сот залынан қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру