Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы қаза тапты

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

16 тамызда сағат 21:15 шамасында Шымкент-Самара тас жолының Қармақшы ауданы, Ақтөбе елді мекені тұсында Lada Granta автокөлігімен тас жолдың батыс жақ бетінен оңтүстікке қарай бағыт алып бара жатып, тас жол үстінде иесіз жүрген сиырға соғылып, жол-көлік оқиғасына ұшыраған.

Жол апаты салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Одан бөлек бір азаматша және оның екі кәмелетке толмаған балалары дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілсе, көлік жүргізуші алған дене жарақаттарынан жансақтау бөліміне жатқызылған.  

Орын алған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Мал иесі іздестірілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру