Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Қызылорда облысында жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым сағат 01:40-та Жаңақорған ауданы көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 40 жастағы аудан тұрғыны мас күйде болып шықты. Анықталғаны, бұл азамат сот шешімімен 21 тамыз 2020 жылы жеті жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші ауданның полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл орайда, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру