Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полиция қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтады

Қарағанды облысының полиция қызметкерлері балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы осы қарапайым, бірақ маңызды шындықты ешқашан ұмытпайды. 1 маусымда олар 54 балаға – 40 мектеп оқушысына және әлеуметтік осал отбасылардың 14 баласына арналған қызықты бағдарлама дайындады.

– Құрметті балалар, біз сіздерді осы тамаша күнмен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге жарқын, көңілді, бақытты балалық шақ, бұлтсыз аспан, мейірімділік пен жылулық тілейміз! Балалардың шулы күлкісін естігенде әр адамның жүрегі елжірейді. Ата-аналар үшін кішкентай ұлдары мен қыздарының жүздерінен күлкі көруден қымбат ештеңе жоқ. Жаздың алғашқы күні бәрінің есінде бақыт пен қуаныш мерекесі ретінде қалсын, – деп атап өтті Теміртау қаласындағы ПБ бастығының орынбасары Еркебұлан Әбділда.

Сонымен жоспар бойынша, балаларға полиция қызметінің күнделікті өмірі таныстырылды. Олар қоян-қолтық ұрыс шеберлігін көрсеткен ЖҚАЖ офицерлерінің өнерін қуанышпен қарсы алды.

Содан кейін балаларды Қарағанды облыстық қазақ драма театрымен кездесу ұйымдастырды, оның шығармашылық тобы балаларды “Бразилия байлығы” ертегісін көруге шақырды.

– Менің жеті жасар ұлым Глеб екеуміз осындай керемет мерекеден керемет әсер алдық. Оны ұйымдастырған полицияға үлкен рахмет. Глеб ЖҚАЖ жауынгерлерінің өнерін қызыға тамашалады. Бізге бәрі өте ұнады, – деді Теміртау қаласының тұрғыны Кристина Острянина.

Ал, Қарағанды қаласының ПБ және Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері “Асыл Ана-2020” қоғамдық қорының балаларына қонаққа барды. Іс-шара қайырымдылық ұйымының ойын алаңында барлық санитарлық нормаларға сәйкес өтті.

– Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және бақытты балалық шақ тілеймін. Сіздер – біздің гүлденген мемлекетіміздің болашағысыздар. Біз, үлкендер, қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек, ертең балалар есейгенде олардың керемет алаңсыз балалық шағы есіне оралсын, – деді Қарағанды қаласының ПБ Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Дархан Алюбаев.

Полиция қоғамдық қордың күтіміндегі балаларға спорттық ойыншықтар, тәттілер және қажетті өнімдерді сыйлыққа таратты. Балалар мен олардың ата-аналары полиция қызметкерлеріне үнемі қамқорлығы мен қолдауы үшін шын жүректен алғыстарын білдіріп, оларға денсаулық және қиын қызметте сәттілік тіледі.

– Бүгін біздің балалар өте қуанышты. Балаларымызға уақыт бөлгені үшін полицияға рахмет, – деп “Асыл Ана-2020” қоғамдық қорының директоры Айжан Байделдинова алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру