Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының 24 тұрғыны Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеді

Қызылордада Армениядан әкелген 24 көлік заңдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Үкіметі қаулысына сәйкес, Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 1 маусым – 1 қыркүйек аралығында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген және Қазақстан азаматтарына тіркелген көлік құралдарын тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызылорда облысының 24 тұрғыны Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарды  ұсынып және  мемлекеттік баж төлемдерін төлеу арқылы өз көлік құралдарын тіркеді.

Есепке алынған машиналарға сары нөмір беріліп жатыр. Оң жақ рөльді көліктер тіркеуге жатпайды.

Бүгінгі таңда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен тұрғындарға кеңес беріліп, Call – орталығы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру