Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының үздік еріктілері марапатталды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы барлық еріктілерге белсенді азаматтық ұстанымдары, патриотизм және адамның қоғам өміріне саналы қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел Президенті 2020 жылды “еріктілер қозғалысы жылы” деп жариялады, полицейлердің таптырмас көмекшілері болған шынайы еріктілер үшін төтенше жағдай режимі жауапты кезің болды. Олар полиция қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізу үшін блокпостқа барды, түрлі рейдтік
іс-шараларға қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтауға шықты.

Бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде белсенді азаматтық ұстанымдары мен ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтауға және өңірдің төтенше жағдайлар кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек көрсеткені үшін ерекше көзге түскен еріктілерге ІІМ министрі атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Атап айтқанда Ольга Чебакова, Олег ШакиевТатьяна Косарева, Айсұлу  Ерсайын,
Салтанат Сауапова, Наталья Зорило, Гүлім Мүңке марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру