Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері дүкенге ұрлыққа түскен ер адамды ұстады

Қызылорда полицейлері дүкенге ұрлыққа түскен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 19 маусым күні қала орталығында орын алған. Дүкен иесі ұрлық болғанын байқап, полиция басқармасына хабар берген. Белгісіз біреу дүкеннің терезесін сындырып, ішіне кіріп кассир бөлмесінде тұрған сейфті бұзып, ақшаларын ұрлаған. Жәбірленушіге 500 мыңнан астам теңге залал келтірген.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-баптың 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру