Танысының телефонын ұрлаған атыраулық 2 жылға сотталды
Танысының телефонын ұрлаған атыраулық екі жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
37 жастағы ер адам қылмыстық әрекеті үшін бас бостандығынан екі жылға шектелді.
Оқиға Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылында орын алған. Жәбірленуші Махамбет АПБ-не арызданып, құны 25 мың теңге тұратын «NOKIA» маркалы телефонын біреу ұрлап кеткенін айтады. Соңғы рет үйінде танысы 37 жастағы танысы қонақта болыпты. Олар бірге ішімдік ішіп, артынша жәбірленуші адам өзінің ұйықтап қалған. Ал күдікті ер адам «ұялы телефонды ойнап алып кеттім» деп ақталып, келесі күні полиция қызметкерлері арқылы телефонды қайтарып берген. Тексеру кезінде күдіктінің бұрын да сотты болғандығы анықталды. Сотталушының кінәсі сот тергеуінде зерттелген іс материалдарымен дәлелденді.
Қылмысқа күдіктіге ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.