Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада әйелді алдап ақша тапқан алаяқ ұсталды

Қызылордада жергілікті тұрғынды  пәтер алып беремін және «Жер комитетіне» жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ  ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының 33 жастағы тұрғыны қала орталығынан пәтер алып беремін және «Жер комитетіне» жұмысқа тұрғызамын деген алаяқтың сөзіне сеніп,  оған 755 мың теңге көлеміндегі ақшасын берген.

Полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады. Ол Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп -тексеру жүргізілуде.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру