Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық алаяқ танысына сан соқтырған

Қызылордада қала тұрғыны арзан бағамен пәтер сатып алуға болатынына сеніп, алаяққа 700 мың теңгесін ұстатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға алаяқтық туралы арызбен 50 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды. Ол қаладағы көпқабатты үйлердің бірінен пәтерді қолжетімді бағамен сатып алуға көмектесуге уәде берген алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 700 000 теңгені құрайды.

Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотты болған, облыс орталығының 1987 жылы туған тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру