Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Дәрмек” жедел-профилактикалық шарасы өткізілді

Қызылордада “Дәрмек” жедел-профилактикалық шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21-25 ақпан күндері аралығында облыс көлемінде есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жалпы 32 мекеме, дәріханалар мен қоймалар тексерілді.

Облыстағы 19 дәріхана, бір қойма және 12 денсаулық сақтау саласындағы мекемелердің жұмыстарына тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 11 құқық бұзушылық дерегі анықталды: оның біреуі қылмыс және 10-ы әкімшілік құқық бұзушылық. Атап айтқанда, ҚР ҚК 303-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу)  – 1 дерегі,  ҚР ӘҚБтК 426-бабы армацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу) – төрт дерегі, ҚР ӘҚБтК 427-бабы (Есірткі айналымы саласындағы объектілердің техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) – 5 дерегі және ҚР ӘҚБтК 464-бабы ицензия талаптарын бұзу) бір дерегі анықталды.

Қызылорда облысындағы емханалардың Есірткі психортоптық және прекурсорлар сақтайтын арнайы бөлмесіне тексеру жүргізу барысында объектілерге қойылатын талаптардың толық орындалмағаны анықталып, бас дәрігерлерінің іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабында (Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) көзделген құқық бұзушылықтың белгілері анықталып, жинақталған құжаттар әкімшілік сотқа жолданды. Ал қылмыс дерегі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру