Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада екі қойды қолды еткен ұры ұсталды

Қызылордалық полицейлер қорадан екі қой ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қарашада Жаңақорған ауданының тұрғыны полицияға ауласындағы мал қорасынан қойларының ұрланғаны туралы арызданған.

Қызылорда облысының ПД Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады. 51 жастағы аудан тұрғыны ұрланған қойларды сатып жіберген.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1– бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлау) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру