Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алкоголь өнімдерін сататын жылжымалы дүкеннің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Екібастұзда автокөлігінде алкоголь өнімдерін сататын жылжымалы дүкен ұйымдастырған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторы сағат 00.06-да Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйлердің бірінде өзінің “ВАЗ-21099” автокөлігінде жылжымалы дүкен ұйымдастырған 27 жастағы қала тұрғынын тоқтатқан.

– Тапқыр  азаматтың спирттік ішімдіктерді жеткізу арқылы автокөліктен сатқаны анықталды, – деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қайыржан Шәкәрғалиев.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімдерін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Екібастұз қаласының Мамандандырылған әкімшілік соты ер адамға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

2020 жылдың басынан бастап Екібастұз қаласының полицейлері 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаса, оның 88-і ҚР заңнамасының алкоголь өнімдерін сату бойынша талаптарын бұзу болып табылады, 1500 адам қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерін ішкені, 707 азамат белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар абаттандыру ережелерін бұзудың 653 фактісі, ортақ пайдалану орындарын ластаудың 165 фактісі және тыныштықты бұзудың 581 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру