Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ер адам бөтелкеге коньяк құйып, тергеу изоляторына өткізбек болған

Қызылордада ер адам бөтелкеге коньяк құйып, тергеу изоляторына өткізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 мамыр сағат 11:30 шамасында Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіне келген Қ. есімді азаматтың азық-түліктерінен тыйым салынған зат тәркіленді.

Ол бұл күні мекемеде ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) айыпталған, қамауда отырған досына келген болатын. Сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесіндегі қызметкердің жұмысына деген жауапкершілігі мен қырағылығының нәтижиесінде, досына тосын сый жасамақшы болған азаматтың қулығы іске аспай қалды.

Екі бөтелкедегі тәтті шай мен коньякты бірден ажырату мүмкін емес. Алайда бұл азаматтың мұндай сұйықтықтардың да тексерілетінінен хабары болмаған.

Бақылаушы бөтелкені ашып көргенде, спирттік ішімдіктің иісін бірден сезген. Осылайша тыйым салынған зат, яғни конягі бар құты тәркіленді.

Ал досын қуантпақшы болған азаматтың үстінен баянат толтырылып, ісі қалалық сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру