Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер 20 қару, граната және 360-тан астам патрон тапты

Жамбылдық полицейлер 20 қару, граната және түрлі калибрлі 360-тан астам патрон тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында 20 қару, 3 граната, патрондар, оқ-дәрі, полиция шлемдерін, тізе төсегіштер мен газтұтқыштар тауып, тәркіледі.

Қарудың ішінде үш Калашников автоматы, екі Макаров тапаншасы, Сайга мылтығы, тегіс ұңғылы мылтықтар, револьвер, травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісін, газды және жарық-шу гранаталарын, автомат пен тапаншадан жасалған қару магазині, түрлі калибрлі 363 патрон болды. Қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру