Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінде қарасора өсірген павлодарлық анықталды

Үйінде қарасора өсірген павлодарлық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу нәтижесінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіргені үшін 39 жастағы күдікті ұсталды. Оның үйінің аумағында, шелектерге және басқа да контейнерлерге отырғызылған 10 қарасора талы табылды.

Тінту кезінде үйде ауа айналымы мен суаруға арналған құрылғылар, рефлекторы бар жарықтандыру шамы, термометр, қарасора өсірілген ыдыстар, тыңайтқыштар мен тұқымдар табылды.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті тыйым салынған өсімдікті тек жеке қажеттіліктері үшін өсірілгенін түсіндірді, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев.

Тәртіп сақшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ер адам 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру