Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас күйінде көлік басқарған 10 жүргізуші ұсталды

Қызылорда қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальон инспекторлары жол қауіпсіздігін алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында мамыр айының 22-28 күндері аралығында рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір апта бойы жүргізілген рейд барысында 1575 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мас күйінде көлік тізгіндеген 10 жүргізуші ұсталды. Мас күйінде көлік жүргізу деректері бойынша полицейлер әкімшілік хаттама толтырып, тиісті шешім қабылдау үшін құжаттарды сотқа жолдады. Жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпауының 321 дерегі, автокөлікті басқару кезінде ұялы телефон пайдаланудың 52 дерегі, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеудің – 48, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуының 95 дерегі анықталды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді және басқа да жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады: жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін бұзбауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және ең бастысы, мас күйде көлік басқармауға кеңес береді. Себебі көлік құралын мас күйінде жүргізу жол қозғалысының барлық қатысушыларына ерекше қауіп төндіреді.

Облыс аумағында жыл басынан мас күйде көлік тізгіндеген 332 жүргізуші ұсталып, заңмен көзделген тиісті жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру