Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мүгедектік бойынша зейнетақы ресімдеуге жәрдемдесуге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды

Қызылорда облысында мүгедектік бойынша зейнетақы ресімдеуге жәрдемдесуге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 35 жастағы тұрғынын құрықтады. Ол облыс тұрғынына мүгедектік бойынша зейнетақы ресімдеуге жәрдемдесуге уәде еткен.

Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп, оған 180 мың теңге көлемінде қаражат төлеген. Өзінің айла-амалдары мен жоспарларын жүзеге асыру мақсатында күдікті азаматша оған әлеуметтік қамсыздандыру мекемесінің қызметкері екенін айтқан.

Қазіргі таңда күдікті азаматшаның алаяқтықтың бұдан басқа да екі дерегіне қатыстылығы анықталды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру