Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ПД бастығы жеке қабылдау өткізді

Қызылордада ПД бастығы жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ел қорғаны тәртіп сақшыларының қызметі халықтың сенімі арқылы өлшенеді. Халық көкейіндегі мәселелерді шешу және олардың конституциялық құқықтарының қорғалуы Полиция департаментінің басты назарында. 
Азаматтарды жеке қабылдау мәселесі – полиция қызметіндегі басты бағыттардың бірі. Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау барысын Полиция департаменті басшылығы қатаң бақылауда. Әрбір келіп түскен өтініш назардан тыс қалмайды.

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев 3 азаматты жеке қабылдады. Олардың әкімшілік және қылмыстық істер аясында айтылған барлық уәждері назарға алынып, сол істердің аясында түсіндірмелер берілді.

Департамент бастығының орынбасарына, Тергеу басқармасының, Қызылорда қаласы Полиция басқармасының басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, қылмыстық, әкімшілік істердің тергеп-тексеруі басшы құрамның бақылауында болатындығы ескертілді.

Азаматтардың әрбір өтініші бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, оларға міндетті түрде жазбаша түрде жауап қайтарылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру