Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Қазақстан полициясына 30 жыл

Қызылорда облысында есептегі сотталғандар арасында шахматтан жарыс өтті

Қазалыда пробация есебіндегі сотталғандар арасында шахматтан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазалыда пробация қызметінің есебіндегі азаматтар арасында шахматтан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты – пробация есебіндегі сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.


“Жігер” мүгедектер қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген шараға пробация есебіндегі 23 сотталған қатысты. Екі сағатқа созылған жарыста ойыншылар шаршы тақта үстінде тез ойлауға, тез шешім қабылдап, алма-кезек жүріс жасап, жақсы ойын көрсетті. Ой сарабына салмақ салатын ойында қарсыластарына дес бермеген Е. есімді сотталған мықтылығын дәлелдеп, жарыс жеңімпазы атанды.

Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.

– Бүгінгі жарыстың жеңімпазы атандым. Бала күнімнен шахмат, дойбы ойынын ойнап өстім. Шахмат ойынының ережелерін ағам үйреткен болатын. Бұл ойын адам ойының ұшқыр болуына тәрбиелейді. Сондықтан мен де балаларымды осы спорт түріне баулып, үйретіп жүрмін, – деді есептегі сотталған.

Жарыс соңында ойынға қатысушылармен психологиялық тренинг өткізіліп, “Жігер” мүгедектер қоғамдық қорының төрағасы, заңгер Мұрат Джумадилаев есептегі сотталғандардың құқықтық сауалдарына жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру