Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды

Қызылорда облысында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 4836 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Облыс көлемінде өтіп жатқан “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бүгінгі күнге дейін жол ережесін бұзудың 4836 дерегі, оның ішінде автокөлікті мас күйінде басқарған 49 жүргізуші анықталды. Мәселең, іс-шара аясында полиция қызметкерлері Қызылорда облысы Шиелі ауданында жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл көлікті тоқтатты.

Көлік жүргізушінің жеке басын анықтау барысында жүргізуші алкогольді спирт ішімдігін ішіп, масаң күйде болғандығы анықталды.

Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, автокөлігі айып алаңына қойылды.

– Жол қозғалысының барлық қатысушыларынан қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз орындауды, заңды сақтауды сұраймын! Қарапайым ережелерді сақтау жолдардағы төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Әрдайым естеріңізде болсын, сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі жолдағы тәртіпке байланысты, –  атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру