Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебінде тұратын ер адамға мәжбүрлі еңбек тағайындалды

Қызылорда қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын ер адамға мәжбүрлі еңбек тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны Д. есімді ер адам Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, жылына 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.

Қазіргі таңда ол 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы “Қызылорда Тазалығы” ЖШС-не жіберілді. Күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде.

– Жыл басынан Қызылорда қалалық пробация есебіндегі 37 адамға сот үкімімен мәжбүрлі еңбек тағайындалған. Оның 25-і мәжбүрлі еңбегін орындап, пробация есебінен шығарылса, қалған 12-сі қоғамдық орындарды зиянды қоқыс заттардан тазалау, абаттандыру, түзету сынды жұмыстар арқылы жазасын өтеуде, – дейді қалалық пробация қызметінің бастығы Б. Наурызбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру