Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада құқық бұзушылық профилактикасын күшейту мәселелері қаралды

Қызылордада құқық бұзушылық профилактикасын күшейту мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Е.Абдрамановтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы А.Құлмағанбетов баяндама жасап, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының заңы аясында көзделген негізгі талаптар мен міндеттерді таныстырды.

Жиын барысында мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ азаматтарды профилактикалық іс-шараларға кеңінен тарту мәселелері кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысты одан әрі күшейту қажеттігі атап өтіліп, заң талаптарын тиімді іске асыру жолдары қарастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру