Қостанай облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі балықшыны құтқарды
Қостанай облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі балықшыны құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Рудный қаласы маңындағы Сергеев су қоймасында болған. Мұз үстімен жүрген екі ер адам суға құлап кеткен.
Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері мен құтқарушылар жедел әрекет етіп, арқанның көмегімен екеуін де аман алып шықты. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.
