Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

18 наурызда Ақтөбе қаласындағы Keruen City сауда-ойын-сауық орталығы алаңында "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында, сондай-ақ Наурыз мерекесіне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Аталған іс-шараға 20-дан астам жетекші кәсіпорын, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер қатысты. Жәрмеңкенің белсенді қатысушыларының бірі Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті болды.

ҚАЖ департаментінің қызметкерлері келушілерге қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметтің ерекшеліктері туралы кеңінен ақпарат беріп, қызметке қабылдау талаптары, әлеуметтік кепілдіктер, тұрақты еңбекақы және мансаптық өсу мүмкіндіктері жөнінде түсіндірді. Сонымен қатар, қоғамдағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бұл қызметтің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Жәрмеңке барысында барлық ниет білдірушілер жеке кеңес алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап тауып, өзекті бос жұмыс орындарымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ ҚАЖ өкілдері мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осындай іс-шараларға қатысу халықтың жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттырып, құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті білікті кадрларды тарту жұмыстарын жалғастырып, барша ниет білдірушілерді қоғам мен мемлекет игілігі жолында қызмет етуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру