Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталған әйелімен заңды некеге тұрды

Қызылордада сотталған әйелімен заңды некеге тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz 

Қылмыстық-атқару саласына қарасты Қызылорда облысындағы №68 мемлекеттік мекемесінде қамауда отырған 24 жастағы сотталған 31 жастағы әйелімен заңды некеге тұрды.

Қамаудағы азамат мекемеде ҚР ҚК-нің 106- бабының 2-бөлігі 7-тармағы бойынша ұсталынып отыр.

– Бұгін мен күйеуіммен заңды некеге тұрып, неке куәлігін алдым. Екеуміз бас қосқанда некемізді мешітке барып қиғанбыз. Арамызда 10 айлық сәбиіміз бар. Жарымның мінезі қызба. Жұмыстан шаршап келе жатқанда көшедегі балалармен сөзге келіспей қалып, ашумен осындай іс-әрекетке барған. Ешкім алдында не күтіп тұрғанын білмейді, білсек осындай болар ма еді? Десе де, неке куәлігін күйеуімнің туған күнінде алғанымызға қуаныштымыз. Жабық мекемеде тек заңды әйеліне ғана кездесуге келуге болатын, мұсылманша некенің заңды күші жоқ екенін білмедім, – дейді 31 жастағы келіншек.

Бүгінде кейбір азаматтар мен азаматшалар мұсылманша некемен ғана шектеліп, бірге өмір сүріп жатыр.

– Алайда олар тергеу изоляторына түскенде барып, мұндай некенің заңды күші жоғын біліп жатады. Бүгін біздің мекемеде екі жас неке куәлігін алды. Мекеме заңгері ретінде мен олардан тергеу изоляторына келіп түскен ерлі-зайыптылардың біріне, яғни әйеліне немесе күйеуіне заңды неке куәлігі болса ғана кездесулерге келуге болатынын, сондықтан некелерін заңдастыруын талап еттім. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Тек заңды тіркелген некеге ғана мемлекет отбасы болғандықтан қамқорлық жасау туралы міндеттемелер алады деп айтып түсіндірдім, – дейді мекеме заңгері Асқар Мұратбек

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру