Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицей қыз ел чемпионатының жеңімпазы атанды

Қостанайлық полицей қыз ел чемпионатының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қостанайлық полицей Сая Әуелбекова Қазақстан чемпионатында жекпе-жектен жеңімпаз атанды. Республикалық жарыс Алматыда 4-6 қараша аралығында өтті.

Бұл спорттық жарысқа еліміздің 12 өңірінен 500-ге жуық спортшы қатысты.

Сая Әуелбекова Астана, Алматы және Қарағанды полициясынан келген қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді.

– Нағыз жекпе- жек – толық байланыстағы жекпе-жектерде танымал болып келе жатқан жауынгерлік жекпе-жектің заманауи және қарқынды дамып келе жатқан түрі, – деп атап өтті полицей Сая.

Спортшы биыл бірнеше рет түрлі халықаралық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Естеріңізге сала кетейік, ол жақында панкратион бойынша республикалық чемпионаттың жеңімпазы атанған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру