Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті әшкереленді

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемеде тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекемеде ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан сотталған азаматқа туысы сәлем-сауқат әкелген.

Тексеру барысында ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері мен ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері нанның ішіне жасырылған екі ұялы телефонды анықтап, тәркіледі.

Аталған дерек бойынша сәлем-сауқат әкелген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалдар жинақталып, сот қарауына жолданды.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақыра отырып, мекемелер аумағына тыйым салынған заттарды алып кіру немесе өткізу әрекеттері заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру