Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тергеу саласының қызметі туралы кітап оқу орындары мен кітапханаларға табысталды

Қызылордада тергеу саласының қызметі туралы «Әділдіктің ақ жолында» кітабы оқу орындары мен кітапханаларға табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуір – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тергеу қызметінің құрылған күніне орай, Қызылорда облысының Полиция департаментінің Тергеу және Анықтау басқармасының басшылығы жастар арасында тергеуші және анықтаушы мамандығын насихаттау мақсатында Қызылорда облысында тергеу саласында қызмет атқарған ардагерлер және жалпы тергеу, анықтау саласының қызметі туралы жазылған «Әділдіктің ақ жолында» атаулы кітапты құқықтану мамандығын дайындайтын Қорқыт ата атындағы университетінің проректоры А.Жүнісовке, Болашақ университетінің ректоры Қ.Дәуренбековке, Ақмешіт институтының ректоры А.Шегебаевқа және «ORDA» колледжінің директоры Г.Досжановаға табыстады.

Аталмыш кітаптың оқырманға берер тағылымы мол. Әсіресе, Ішкі істер саласында қызмет етуді мақсат ететін жастарға септігі тиеді. Өйткені кітапта Тергеу және Анықтау басқармасы саласында абырой биігінен түспеген тұлғалардың өмірлік кеңестері мен мамандыққа адал болудың негізгі қағидалары баяндалған.

Сонымен қатар «Қылмыс хроникасы» бөлімінде ауыр қылмысты ашудың жолы мен тың тәсілі де айтылған. Сондықтан келер ұрпаққа өз ісінің маманы болуға тигізер пайдасы зор. Сонымен қатар тағылымды оқулықта ұрпақтар сабақтастығының маңызына да кеңінен тоқталған. Өйткені, аға буын өкілдері келер ұрпаққа өмірлік тәжірибесімен бөлісудің маңызы зор.

Оқу орындарына кітапты табыстаған студенттердің кітапқа деген қызығушылығының ерекше екені байқалды.

Барлық студенттерді аталмыш оқулықпен қамту мақсатында орталықтандырылған қалалық кітапханаға, облыстық Ә.Тәжібаев атындағы кітапханасының директоры Н.Мыңжасқа табысталды. Қызылорда қаласы көлеміндегі мектептердің кітапханаларына табыстап, жас оқырмандарға тергеуші мамандығын насихаттау үшін Қызылорда қалалық білім беру бөлімінің басшысы Д.Баймурзаеваға табыс етті. Сонымен қатар облыс халқын қамту мақсатында аудандық және ауылдық кітапханаларға тарту етілді.

– Әділдіктің ақ жолында деп аталатын кітапты қолыма алып, бір марқайып қалдым. Бес бөлімнен тұратын бір деммен оқып шығып, мамандыққа адал болудың маңызын ұқтым. Сонымен қатар Ішкі істер саласы маманы болу өмірді тәуекелге тігумен тең екенін түсіндім. Одан бөлек кітаптың келер ұрпаққа берері тәрбиелік мәні зор. Әсіресе біз сияқты Ішкі істер саласында қызмет еткісі келетіндерге таптырмас қазына, – дейді Назерке Әбдіреева, ҚР ІІМ-нің Ақтөбе заң институтының 4 курс студенті.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Анықтау басқармасының бастығы Әлтай Нұрсұлтан:

– Кітап – асыл қазына демекші, әрбір әдебиеттің алар орны ерекше. Дегенмен мамандықтың қыр-сырын үйрететін кітап қолдан-қолға тимей оқылатыны белгілі. Біздің де Тергеу және Анықтау басқармасының ұйытқы болуымен жарық көрген кітапты оқырман іздеп жүріп оқитынына сеніміміз мол, – деп атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру