Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада түнгі клубта жас жігітті пышақтап кеткен күдікті елордадан қолға түсті

Іздеуде жүрген күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласында қызылордалық жедел уәкілдер ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

22 шілдеде Облыстық медицина орталығында Қызылорда қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны пышақ жарақаттарымен ауруханаға түскендігі туралы хабарлама түскен.

Аталған дерек СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 24-бабы, 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша тіркелді. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы Alen түнгі клубында жастар арасындағы төбелес болғанын анықтады. Оқиға орнында жәбірленуші пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Қызылорда облысы ПД КПБ-ның қызметкерлері Қызылорда қаласы ПБ жедел уәкілдерімен бірлесіп, қылмыстық қудалау органынан жасырынып жүрген 24 жастағы жергілікті тұрғынды Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйдің біріндегі жалдамалы пәтерде ұстады. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру