Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада Түркістан облысының тұрғыны велосипед ұрлығын жасады

Қызылордада Түркістан облысының тұрғыны велосипед ұрлығын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 шілде күні сағат 17:38-де жергілікті тұрғын супермаркет жанында “STELS” үлгісіндегі велосипедін ұрлап кеткені туралы Қызылорда қаласы Полиция басқармасына арызданған.
Тексеру барысында жәбірленуші супермаркетке кірген кезде далада қалдырып кеткен велосипедін белгісіз біреу жасырын ұрлап кеткені анықталды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында ұрлық жасаған 42 жастағы Түркістан облысының тұрғыны екенін анықтап, ұстады. Заттай дәлелдеме ретінде велосипед алынып, жәбірленушіге қол-хат арқылы берілді.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру