Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Борышкер” ЖПІШ: ШҚО-да 17 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді

Шығыс Қазақстан облысында кезекті “Борышкер” жедел профилактикалық іс-шарасы аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы акция барысында әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған жұмыс атқарды. Аталған операцияны тәртіп сақшылары ағымдағы жылғы 21-23 шілде аралығында жүргізді.

Іс-шараның үш күнінде полиция қызметкерлері мемлекет бюджетіне 17 млн. теңгеден астам қаражат өндіріп алды.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін мамандандырылған тұраққа 110 автокөлік қамалды.

Айта кесек, екі мыңнан астам азаматқа әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабарланды.

– “Борышкер” жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері жалпы сомасы 1 млн. теңгеден асатын 54 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жүргізушіні анықтады. Оның автокөлігі қарызды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды, – деді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.


Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары, ШҚО полиция департаменті айыппұлды төлемеген жағдайда айыппұл салу туралы қаулы мерзімінде мәжбүрлеп орындатуға жіберілетінін ЕСКЕРТЕДІ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру