Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарын бұзған 7 нысан анықталды

Шымкентте карантин талаптарын бұзған жеті нысан анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23-25 шілде аралығында Қаратау ауданың Полиция басқармасының қызметкерлері мобильдік топпен бірлесіп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 178 нысанға  мониторинг жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде карантин талаптарын бұзған жеті нысан анықталды.

Карантин талаптарын сақтамаған кәсіп иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру