Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер тұрғыннан мотоцикл ұрлап кеткен елордалықты ұстады

Жамбылдық полицейлер мотоцикл ұрлығын “ізін суытпай” ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байзақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының 56 жастағы тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында 26 жастағы тараздық тұрғынның белгісіз адам фазендалардың бірінің ауласынан жасырын түрде “Супер” маркалы мотоциклін ұрлап, 350 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені туралы шағымданғаны анықталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру