Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ұрлық жасаған ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды

Қызылордада ұрлық жасаған ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында А., есімді ер адамға сот үкімімен ҚР ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігінде (Ұсақ-түйек жымқыру) көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 30 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған. Аталған ер адам Сырдария аудандық пробация қызметінің есебіне алынып, оған жаза өтеудің тәртібі мен міндеттері пробация қызметкерлерімен түсіндірілген. Қазіргі таңда ол қоғамдық жұмыс түріндегі жазасын кент әкімдігі белгілеген жерде тазалық жұмыстарын атқарып жүр. Күнделікті пробация қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізілуде.

– Жыл басынан аудандық пробация қызметінің есебінен қоғамнан оқшаулаумен байланысты жаза түрлеріне сотталған 50 адам өткен.  Оның ішінде төрт сотталған қоғамдық жұмыс түріндегі  жазаға тартылғандар. Қазіргі таңда үш сотталған 80 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жазасын толық өтеп есептен шығарылса, бір адам жазасын тазалық жұмыстарын атқару арқылы өтеуде,- деді аудандық пробация қызметінің инспекторы Н. Дүйсенбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру