Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы 16 шілде күні болған ұрлықтың “ізі суымай” ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгісіз азамат қала аумағындағы дүкендердің бірінде тұрған Слам үлгісіндегі велосипедті ұрлап кеткен. Бейнебақылау камералары арқылы тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті азамат велосипедті қала аумағында айдап жүрген жерінен патурльдік полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Тергеу іс-әрекеттері барысында күдікті ұрланған мүлікті иесіне қайтарып беріп, өз кінәсін толықтай мойындады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 1-тармағына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру