Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер қала көшелерінде рейдтік жұмыстар жүргізді

Қызылордалық полицейлер қала көшелерінде рейдтік жұмыстар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Маусым айының 17-18 күндері аралығында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров бастамасымен полиция қызметкерлері күшейтілген түрде жұмыс атқарды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында “Квадрат” іс-шарасы аясында Өсербаев көшесінде рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлерімен бірге кезекті күндізгі және түнгі рейдтерге қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері, жергілікті белсенді тұрғындар шықты.

Жалға берілетін пәтер агенттіктерінің иелерімен Қорқыт ата көшесі №7, Өсербаев көшесі № 67, Әйтеке Би көшесі №24 және №26 үй-жайларда пәтер беру кезінде құқық бұзушылыққа жол бермеу, санитарлық талаптарды сақтау, қоғамдық тыныштық ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары жалға берушілерге, шетел азаматтарына пәтер беру кезінде міндетті түрде профилактикалық әңгімелер жүргізу туралы ескертті.

Сонымен қатар, Өсербаев көшесінде орналасқан дүкен иелеріне белгіленген уақыттан кейін алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салу туралы, ал мұндай фактілер анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хабарламалар таратылды. Шара барысында барлығы 17 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабымен -6, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша – 5, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша екі дерек тіркелді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру