Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО Полиция департаментінде кітаптың тұсаукесері өтті

ШҚО Полиция департаментінде кітаптың тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде ШҚО ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесі Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу құрметіне шығарылған “ШҚО Ішкі істер органдары мен ұлттық гвардиясының ардагерлер қозғалысы” кітабының тұсаукесерін өткізді.

Кітап шығарушылар құжаттарда көрсетілген тарихи деректерді, ардагерлеріміздің естеліктерін басшылыққа алды. Еңбектерде өткенді ұмытуға болмайтын, бүгінгі күн туралы, ұрпақтар сабақтастығы туралы айтылады, бұл қазақстандық полицейлерді тарихи дәстүрге тәрбиелеудегі маңызды іске қызмет етеді.

Бұл кітапта 125 бет, 17 тарау бар, онда Қазақстан полициясының және ШҚО ІІО мен ҰҰ ардагерлер кеңесінің қалыптасу тарихы баяндалған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру