Қызылордалық тұрғынды ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған күдікті құрықталды
Қызылордалық тұрғынды ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 мамыр күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының 102 жедел арнасына 19 жастағы қала тұрғыны хабарлама берген болатын. Оның айтуынша, түнгі уақытта көпқабатты үйдің ауласында бейтаныс азамат ұрып-соғып, Iphone12 телефонын тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Келтірілген шығын 500 мың теңгені құраған. Көп ұзамай жедел шаралар нәтижесінде, осы қылмысқа күдіктелген 20 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.